Ғасыр перзенті әрі қоғам, мемлекет қайраткері Д.А. Қонаевтың туылғанына 109 жыл толуына орай жүргізі

Елбасы өз мақаласында ұлт мақтанышы болған бұрынғы өткен батыр бабаларымыз, данагөй билерiмiз бен жырауларымыздан басқа ел ішіндегі еңбегі ерен тұлғалар жайлы өскелең ұрпаққа мағлұмат беруді жөн санайтындығын айтып өтті. Мектеп кітапханашысы Р. Жұмағұлова оқушыларға ғасыр перзенті әрі қоғам, мемлекет қайраткері Д.А. Қонаевтың туылғанына 109 жыл толуына орай өмірі мен қызмет жылдарынан, халық үшін жасаған игі жұмыстары жайында толық мағлұмат беріп өтті. Д.А.Қонаевтың туған күніне 109 жыл толуына орай сыныптарда тәрбие сағаттары болып өтті. Оқушылар өз халқы үшін туған дара тұлғаның өмірі мен қызмет жолдары жайындағы білімдерін толықтыра түсті. Осыған орай мектепте 9 «а» сынып оқушыларының ұйымдастыруымен дара туған тұлға Д.А.Қонаевтың туған күніне орай «Ғасыр перзенті» атты тақырыпта тәрбие сағаты болып өтті.