«Тәрбие және білім» бағдарламасы аясында Жамау Бұхарбай оқулары өтуі

Н.Есеболатов атындағы орта мектебінде 09.12.2019 жылы І аудандық Жамау Бұхарбай оқулары өтті. Байқау мақсаты - ақын шығармашылығын кеңінен насихаттау, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, қабілеті мен дарынын анықтау, жас буын ақындараға қолдау көрсету, олардың шығармашылығының дамуына қолдау көрсету. Байқауға ауданның 27 мектебінің 5-11 сынып оқушылары қатысты. Барлығы 47 оқушы . Байқауда 4 адамнан құралған комиссия құрамы қазылық етті. Олар – Сағадиев Мұхтар Лебекұлы (аудандық білім бөлімінің әдіскері ) , Әкімбек Кенжебек (журналистер одағының мүшесі , «Ақсу өңірі» газетінің тілшісі ), Нұғыманов Ерлан (Тарас негізігі мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі ) , Жамантаева Жанар Үпіқызы (Н. Есеболатов атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі ) . Жамау Бұхарбай оқулары 3 номинация бойынша өткізілді. Әр кезең бойынша 18- жеңімпаз құрмет грамотасымен және заттай сыйлықтармен марапатталды.