"ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының"

Соңғы жылдары жер шары халықтарының назары ХХ ғасырдың обасы аталған СПИД (иммунитет жетіспеушілік синдромы) дертіне аударылуда, қазірдің өзінде ондаған мың адамдардың өмірін жойған осы бір қатерлі ауру жайында жұмыр жердің түкпір - түкпірінде күн сайын хабар бермей отырған бірде - бір газет, журнал, теледидар немесе радио торабы жоқ. Бұл дерттің қара бұлты бүкіл жер шарын басып келеді. Сондықтан осы аурудың алғашқы және негізгі белгілері, одан сақтану жолдары, аурудың алдын - алу және емдеу тәсілдерін білгеніміз жөн.Осы мақсатта қазан айының 31-күні Қ.И.Сәтбаев атындағы орта мектеп-гимназиясына "ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының" қызметкерлері дәрігер эпидемиологтар Серикболатов Дархан Серикболатович пен Акашева Рая Байшаловна келіп кетті. 8-11 сынып оқушыларымен болған кездесуде дәрігерлер оқушыларға қатерлі ауырудың не екенін, оның адамға жұғу жолдарын, облысымыздағы ауруды жұқтырғандар туралы сандық мәліметті айтып өтті. Лекция соңынан оқушыларға тақырыптық брошюралар таратылды.