АҚПАРАТТЫҚ МӘДЕНИЕТТІ ОҚЫТУ ҮРДІСІНДЕ ОҚУШЫ БОЙЫНА ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Орта бiлiм беру жүйесiндегi информатиканың ролi қазiргi қоғамдағы ақпараттық мәдениеттiң негiзiн құрайтын - ақпараттық және коммуникациялық технологияны пайдалану дағдыларын қалыптастырудағы ақпараттық бiлiмнiң мәнiмен қамтамасыз етiледi.

Иинформатиканы оқыту тәжiрибелерiн талдау және компьютердiң дидактикалық мүмкiндiктерiн негiзге ала отырып, “Ақпараттық мәдениет негiздерi” пәнi оқытылуда.

Пәннiң мазмұнын құрастыру бағытында оқушылардың ойлау қабiлетiнiң математикалық негiздерiн құрайтын ақпараттық мәдениет пәнiнiң  iргелi ұғымдарын меңгерту басшылыққа алынған.  

Пәннiң негiзгi мақсаты – жаңа буынды ерте жастан бастап жүйелi ойлау қабiлетiн қалыптастыру.

Аталған мақсаттан келесi мiндеттер шығады:

  • оқушылардың логикалық және алгоритмдiк ойлау қабiлетiн дамыту;
  • оқушылардың компьютерлiк сауаттылығын дамыту;
  • оқушылардың коммуникативтiк ойлау қабiлетi мен шығармашылыққа бейiмдiлiгiн дамыту;
  • оқушылардың жүйелiк-ақпараттық бейнесiн, ақпараттық мәдениетiн,  өзiн-өзi дамытуға және қызмет субъектiсi ретiнде қалыптастыру.

Жаркент гуманитарлық-техникалық колледжі «Информатикадан бастауыш білім беру» мамандығы бойынша мамандар даярлауда. Осы мамандықта оқитын білім алушылар базалық мектептерде  іс-тәжірибеден өтеді. Бастауыш бiлiм берудегi “Ақпараттық мәдениет негiздерi” пропедевтикалық курс болып табылады және онда берiлген iргелi ұғымдар жұмыс дәптерiндегi қызықты деңгейлiк тапсырмалармен, сұрақтармен, логикалық есептермен және дамытушылық ойындармен, сергiту сәттерiмен сипатталады. Ақпараттық мәдениет негіздерінiң базалық ұғымдары туралы алғашқы мағлұмат бiздi қоршаған орта – зат, тiрi және өлi табиғаттағы нысандар, ақпарат және оның түрлерi, оларды алу және беру тәсiлдерi сияқты бiлiмдермен оқушыларды қаруландырады. 

Толығырақ...

 

Жаркент гуманитарлық-техникалық колледжінің

 информатика пәнінің оқытушысы Қасымжанова Анар Темірханқызы