БОЛАШАҚ МАМАННЫҢ КӘСІБИ ҚАЛЫПТАСУ НЕГІЗІ

Қазақстан  Республикасы  Президентінің  «Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты  Қазақстан халқына Жолдауында: «Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек….Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту жүйесіне қызмет ететіннің барлығы – біздің еліміздің болашағына қызмет етеді»-деп кәсіби білім, ғылым саласына өте үлкен көңіл бөлініп, ерекше мән берілген. Сондықтан да колледж қабырғасында білім алушыларға тек белгіленген білім мен іскерлік дағдыны беріп қана қоймай, сол алған кәсіби білімдерін күнделікті өмірде қолдана біліуге үйрете оқытып, тәрбиелеу қажеттілігі туындауда.

Техникалық және кәсіптік білім беру  жүйесі – білікті   мамандарды  даярлаудың  түп  қазығы  екендігі  айқын. Сондықтан да заманауи техникалық және кәсіптік білім беретін колледждер еңбек жағдайының жедел өзгеруіне бейімделуге қабілетті, оқыту үрдісіндегі жаңа техниканы меңгеруге лайықты қосымша мамандығы бар, қабілетті, орта кәсіби мамандарды даярлауға бағыт алуы міндетті.

Толығырақ...

 

Жұманов Еркін Абенұлы, оқу тәжірибе әдіскері

Жаркент гуманитарлық-техникалық колледжі Жаркент қаласы