Танымал жерлестер

Көпбаев Алпысбай Мырсыдықұлы
Жамбыл ауданы

Көпбаев Алпысбай Мырсыдықұлы

Көпбаев Алпысбай Мырсыдықұлы 1960 жылы 24 наурызда Алматы облысы Жамбыл ауданы Беріктас ауылында дүниеге келді.Беріктас орта мектебінің 1977 жылғы түлегі. 1977 жылы мектепті бітіріп, 1977жылы Чайковский атындағы музыкалық училищесіне түсті.1983 жылы Құрманғазы атындағы консерваториясын бітірді.Қазақ Мемлекеттік қыздар педогогикалық институтының профессоры,білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» белгісімен марапатталған.
Умирзакова Гульнар
Жамбыл ауданы

Умирзакова Гульнар

1960 жылы 04 ақпанда дүниеге келген. 1980 жылы Қыздар педагогикалық институтының қазақ тілі мен әдебиеті факультетін тәмамдаған соң «Социалистік Қазақстан» [ қазіргі «Егемен Қазақстан» ] – «Қазақстан пионері» [қазіргі «Ұлан» ] , «Жетісу» сияқты республикалық, облыстық басылымдарда, қазақ радиосында, Орталық мұрағатта еңбек етті. Оның алғашқы өлеңдері «Қарасай батыр», «Қарлығаш», «Жыр тәңірі», «Жетісу жырлайды» т.б. топтама жинақтарға еніп, кейін «Жапырақ ғұмыр» 1993 ж. «Жалын» баспасы, «Беріктас – берік босағам» 2005ж. «КазБаспа-КТ» орталығы, «Жүрек лупілі» 2006 ж., «Ан-Арыс» баспасынан жеке жыр жинақтары жарық көрді. Ол Мағжан, Абай, Мұқағали атындағы жыр мүшәйраларының және «Жігер» фестивалінің лауреаты, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған. Қазақстан Республикасының рәміздерін насихаттауда Алматы облысы бойынша бас жүлде иегері. Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында «Тіл-тағдыр» атты өткен облыстық мүшәйраларда жүлделі орындарға қ...
Цертик Генрих
Жамбыл ауданы

Цертик Генрих

Германиялық Бундестаг депутаты, сыртқы істер жөніндегі комитетінің мүшесі.
Абдуллабекова Раиса
Жамбыл ауданы

Абдуллабекова Раиса

Фармацевтика ғылымының докторы, профессор, Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университетінің қызметкері.
Сұлтанғали Садырбаев
Жамбыл ауданы

Сұлтанғали Садырбаев

Филология ғылымдарының докторы, Жамбыл атындағы халықаралық премиясының лауреаты.
Солтиева Жұмагүл
Жамбыл ауданы

Солтиева Жұмагүл

ҚР еңбек сіңірген қайраткері, жазушы және журналист.
Алдабекова Нуржамал
Жамбыл ауданы

Алдабекова Нуржамал

Қазақстан Республикасының тарих ғылымдарының докторы, профессор, ғалым-қытайтанушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.
Атамкулов Бейбит Бакирович
Жамбыл ауданы

Атамкулов Бейбит Бакирович

ҚР қорғаныс және аэроғарыштық өнеркәсібінің министрі.