«Бүгінгі оқушы – Ертеңгі сарбаз» атты әскери сайыс

2019 жылдың 1- қарашасында Лермонтов атындағы орта мектебінің базасында жалпы білім беретін орта мектеп оқушылары арасында Қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу, жастарға әскери - патриоттық тәрбие беру, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Бүгінгі оқушы – ертеңгі сарбаз» атты жасөспірімдер арасында әскери сайысы өткізілді. Сайыс 2 кезеңнен тұрды: І кезең: «АК-74 автоматын бөлшектеп бұзу және жинау», ІІ кезең: жалпы әскери қорғаныс костюмін уақытқа кию.Сайыс қорытындысы бойынша: Б. Римова атындағы ОМГ-ның командасы І орынды, Қ.Байсеитов атындағы ОМ-нің командасы ІІ орынды және Лермонтов атындағы ОМ-нің командасы ІІІ орынды иеленді.