Дене шынықтыру пәнінен өткен аудандық семинар мәліметі

2020 жылдың 17 қаңтар күні Жетіген ауылы «№ 34 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша дене шынықтыру пәнін оқытудағы жаңа әдіс – тәсілдер» тақырыбында дене шынықтыру пәні мұғалімдеріне арналған аудандық семинар өтті. Семинар мақсаты:Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында білім алушылармен бірлесе жұмыс жүргізе отырып, салауатты өмір салтын насихаттау. Семинарға аудан мектептерінің дене шынықтыру пәні мұғалімдері мен Іле аудандық білім бөлімінің әдіскері Сейтжан Джантлеев қатысты. Семинарды мектеп директоры Балия Жакенқызы Абдуллаева ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Семинар бағдарламасына сәйкес дене шынықтыру пәні мұғалімдерімен мектеп психологы А.Алимкулова психологиялық тренинг жүргізді.9-10 сынып оқушылары « Біз салауатты өмірді таңдаймыз!» атты флешмоб көрсетті. Мектептің дене шынықтыру мұғалімі Е.Сейлханов «Футбол. Ведение мяча с внешней стороной стопы, удары в створ вороты» тақырыбында 11- сыныпта , Солтан Д. 6 -сыныпта «Ұлттық ойындар» тақырыбында ашық сабақ жүргізсе, жас маман Д. Агаркова 4 -сыныппен «Веселые старты» атты сыныптан тыс жұмыс өткізді. Семинар соңында семинарға қатысушы дене шынықтыру пәні мұғалімдері өз әсерлерімен бөлісіп, ұсыныстарын айтты. Семинарды Іле аудандық білім бөлімінің әдіскері Сейтжан Джантлеев қорытындылап, мектеп ұжымына шығармашылық табыстар тіледі.