« Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша белсенді оқу әдіс-тәсілдерінің тиімділігі » семинары т

« Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша белсенді оқу әдіс-тәсілдерінің тиімділігі » семинары туралы ақпарат 2019 жыл 22 қазанда Алматы облысы, Іле ауданы, Жапек батыр ауылы №36 орта мектепте аудандық әдістемелік кабинет пен қазақ тілі бірлестігінің ұйымдастыруымен жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша оқытудың белсенді әдістерінің ойлау және практикалық әрекет түрлерімен тәжірибе алмасуға бағытталған «белсенді оқу әдіс-тәсілдерінің тиімділігі» тақырыбында аудандық семинар өтті. Семинарда пән мұғалімдерімен бірлесе дәл бүгінге дөп келген Қазақстанның халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовтың 95 жасқа толу мерейтойына байланысты тың деректермен бөлісіп, өтілген сабақтардың тақырыпқа сәйкестігі, сапалы сабақтың тиімділігін арттыратын әдіс-тәсілдерді қолдану ерекшелігі, деңгейі, түрлері және іске асыру жолдары қарастырылып талқыланды. Тыңдаушылар белсенділік танытып, түйінді мәселелерді айқындап, тиімді әдістерді іріктеп алып, қызығушылықтарын білдірді.