Алматы облысы Іле ауданы Өтеген батыр кентінің №38 мектеп – гимназиясында қазақтың ұлы ақыны Абай Құ

Алматы облысы Іле ауданы Өтеген батыр кентінің №38 мектеп – гимназиясында қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай өткізілген «Абай мұрасы – халық ұлағаты» атты әдеби-музыкалық кештің өтуі туралы ақпарат Мемлекет басшысы – Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығына сәйкес 2020 жылы қазақ халқының ұлы ақыны – Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы жоғарғы деңгейде аталып өтілуі жоспарланған болатын. Осыған орай, 2019 жылдың 18 қазаны күні №38 мектеп – гимназия базасында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай өткізілген «Абай мұрасы – халық ұлағаты» атты әдеби-музыкалық кеш өтті. Әдеби-музыкалық кеште Энергетика ауылдық округінің әкімі Б.А.Жұмабаев, Аудандық білім бөлімі басшысының орынбасары Г.С.Максутова, Аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалынан Талғат Шәріпұлы, Аудандық Тілдерді дамыту қоғамының басшысы Б.Б. Қаршаловалар қонақ болды. Дана Абайдың құнды мұрасын өскелең ұрпақ арасында кеңінен насихаттау, ақын мұрасын жаңғырту, қайта түлету мақсатында мектебіміздің поэзияға жаны құмар оқушылары ақынның өнер-білімге, табиғатты суреттеуге, адамгершілік т.б. тақырыптардағы өлеңдерін нақышына келтіре оқыды. Мектеп оқушылары ұлы ақынға арналған өз туындыларымен де бөлісті. Баршамызға әйгілі Абайдың танылуына көп үлес қосқан дара дарын, аса талантты жазушы Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романынан үзінді алынып, «Халықтың Абайы» атты қойылым көрсетілді. «Ұлылардың үндестігі» яғни, Гете - Лермонтов – Абай шығармаларын өзара үндестіре отырып, «Қараңғы түнде тау қалқып» атты туындысы үш тілде мәнерлеп оқылды. Ақын аудармаларының бірі «Құмырсқа мен шегіртке» мысалы сахна төрінде қойылып, көрермендердің ықыласына бөленді. «Абайдың қарасөздері» - қазақтың ұлы ақыны Абай өмірінің соңғы жылдары жазылған пәлсапалық туындысынан он жетінші қарасөзін 7-сынып оқушысы А.Еділұлы Асылжан адам жанын тебіренте оқыды. Аталған мерекелік шара жоғарғы деңгейде өтті. Кеш соңында Энергетика ауылдық округінің әкімі –Жұмабаев Бауыржан Ақжолұлы сөз сөйлеп, Абайдың өлеңін оқып, кеш соңын қорытындылады.