«Өзін-өзі тану» пәні бойынша аудандық олимпиада

«Өзін-өзі тану» пәні бойынша аудандық олимпиада 2019 жылы 11 қазан күні Алматы облысы Іле ауданында Өтеген батыр кентінде № 38 мектеп - гимназиясында «Өзін-өзі тану» пәні бойынша аудандық олимпиада өтті. «Өзін-өзі тану» пәні бойынша аудандық олимпиадада кұндылық бағдарларды құндылық бағдарларды қалыптастыру, олардың шығармашылық әлеуетін дамыту, шығармашылық іс-әрекетінде өзін-өзі көрсетуге ұмтылысын мадақтау, тұлғалық қасиеттерін, азаматтық ұстанымын көрсету, өзін-өзі жетілдіруге және өзін-өзі тануға ұмтылысын қолдау арқылы баллар мен жасөспірімдерге рухани-адамгершілік білім беру мақсатында өткізілді. Олимпиадаға «Өзін-өзі тану» пәнін оқуда жетістіктерге қол жеткізген, қызықты шығармашылық жұмыстар мен жобалардың авторлары, өздерінің портфолиосын әзірлеп ұсынған. Олимпиадаға 17 мектептің 7-9 сынып оқушыларынан топтық командалар қатыса алып өз жобаларын қорғады.