14қазан 2019 жылы, Байсерке селосы, Іле ауданы, №28 мектеп-гимназиясында аудандық орыс тілі пәні мұғ

14қазан 2019 жылы, Байсерке селосы, Іле ауданы, №28 мектеп-гимназиясында аудандық орыс тілі пәні мұғалімдерінің арасында«Развитие творческих и речевых умений и эстетического мировоззрения на уроках русского языка и литературы» тақырыбында аудандық семинары болып өтті. Семинар мақсаты: ҚР жаңартылған білім бағдарламасы аясында орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің іс-тәжірибесін тарату. Семинарға аудандағы 40 мектептің мүғалімдері қатысты. Семинардың жүмысы психологиялық тренингпен басталды. Сосын мұғалімдер төмендегідей ашық сабақтарға қатысты. 2сынып – «Семейный постер» тақырыбында ойын-сабақ , Омарова Б.С., 5 сынып – «Рассуждать-значит доказывать» тақырыбында жаңа тақырыпты түсіндіру сабағы, Басмаинова Г.С., 6 класс – «Белогрудка» тақырыбында погружение сабағы, Доскараева К.А., 8 сынып – «Спортивный Казахстан» тақырыбында саяхат сабағы, Эскулова Э.Х. Көрсетілген сабақтар шығармашылықпен жүмыс жасайтын мүғалімдердің ерекшелігі сабақ берудің жаңа стилін қолданып, әріптестерімен бөлісу. Семинардың соңында, Абдршина М.Т. 9-11 сынып оқушыларымен өткізген «Созвучие сердец» тақырыбындағы әдеби-музыкалық кеші үлкен әсер қалдырды. Әдеби кеш Ұлы Абайдың 175 жылдығына арналды. Кеш барысында оқушылар Абай, Пушкин, Лермонтов, Гете, Байронның өлеңдерін жатқа оқыды. Талдау кезінде келген қонақтар семинарды жоғары дәрежеде өтті деп бағалап, өз тәжірибелерінде қолдана алатындарына алғыстарын білдірді.