М.Мақатаев атындағы № 13 орта мектепте өткізілген IT сыныптың ашылуы туралы

1 қыркүйек күні Өтеген батыр ауылындағы М.Мақатаев атындағы №13 мектепте ІT сыныптың ашылу салтанатты жиыны болып өтті. Салтанатты жиынға Өтеген батыр округ әкімі Жумабаев Бауыржан Ақжолұлы, ардагерлер кеңесі төрағасы Назарбаев Мұхтар, мүшесі Көрпебаев Қабылан, жергілікті келісім мүшесі Сейдалиев Мақсат, Іле ауданының информатика пәнінің мұғалімдері, мектебіміздің ұстаздары мен ардагер ұстаздар қатысты. ІT сыныптың ашылу салтанатты жиынынын мектеп директоры Керимкулова Аяулым Жакашбаевна құттықтау сөзімен бастап ашып берді. ІT сыныптың ашылу лентасын Өтеген батыр округ әкімі Жумабаев Бауыржан Ақжолұлы, ардагерлер кеңесі төрағасы Назарбаев Мұхтар, мүшесі Көрпебаев Қабылан қиып, жақсы тілектерін айтып сәт - сапар тіледі. ІT сыныпта оқушылар заманауи құрылғыларды және Робототехника, Arduino бойынша қызықты жобалар көрсетті. Атап айтатын болсақ интер панельді тақтадан оқушылар AR технологиясымен жасалынған Робот жинақтаушы бөлшектердің суреттерін кеңейтілген шындық 3 Д форматта, 4 - сынып АКТ оқулығынан көрсетті. Авторлары мектебіміздің информатика пәнінің мұғалімі Көпеева Г.А., және № 20 орта мектептің информатика пәнінің мұғалімі Каптағаева А.А, № 19 мектептің информатика пәнінің мұғалімі Юсупова А.Г. Сонымен қатар Stem лабораториясын пайдаланып жасаған қызықты жобалармен таныстырды. Атап айтсақ: «Ақылды саябақ», «Жасыл жайлау», «Мектептің тазалық сақшысы» атты жобалары көпшіліктің көңілінен шығып, болашақта пайдалануға тиімді тың жобалар болатыны айтылды. Оқушылар заманауи құрылғыларды қалай пайдалану керектігін де көрсетті. Соның бірі - «3Д – принтер», «Unimat» –ағаш ұстасы құрылғысымен ағаштарды жону, өңдеу мүмкіндіктерін көрсетіп, өздерінің жасаған жұмыстарымен бөлісті. Болашақта ІT сыныпта жаҺандық – ақпараттық технологияларды игеруге, өнертапқыш, дарынды оқушыларды модельдеу мен программалау арқылы шыңдап жас таланттар шығатынына сенім білдіреміз. ІT сыныптың ашылуына зор үлес қосқан «Нұр-Отан» партиясына, аудандық білім бөліміне алғыс білдіреміз.