SitCen.kz – білім беру мекемелеріндегі автоматтандыру Алматы облысында белең алуда.

SitCen.kz – білім беру мекемелеріндегі автоматтандыру Алматы облысында белең алуда. 2019 жылдан бастап Іле ауданы мен Алматы облысының басқа да аудандарының тұрғындары өз балаларын жалпы орта мектептің бірінші сыныбына қабылдауға өтінішті Интернет желісінде SitCen.kz порталы арқылы жібере алады. Мемлекеттік қызметтер мен үдерістерді автоматтандыруды Алматы облысы Әкімдігінің білім басқармасы SitCen.kz порталының әзірлеушісі – «Incraft» компаниясымен бірге жүргізді. SitCen.kz сайтының мәліметтері бойынша, Іле ауданында білім беруді цифрландыру бағдарламасы аясында мектептер mektep.sitcen.kz порталдарына іске қосылды. Осы жүйеге қосылған барлық мектептер 2019 жылдың 01 маусымынан бастап электронды түрде бірінші сынып оқушыларын тіркеу үшін өтініш қабылдай алады. Ағымдағы жылы баласын бірінші сыныпқа бергісі келетін ата-аналар 01 маусым мен 30 тамыз аралығында (өтініштер қабылдау үшін дәл осы мерзімдер білім Министрлігімен бекітілген ) mektep.sitcen.kz порталына тіркеліп, өтініш жіберулері қажет. Енді осы мемлекеттік қызметтерді алу үшін ХҚКО, қалалық білім бөліміне барудың қажеті жоқ, бірыңғай порталдың мүмкіндіктеріне жүгінсе жеткілікті. Портал пайдаланушыларының ыңғайлылығы үшін 8 747 339 7222 нөмірі бойынша контакт-орталық жұмыс жасайды. Контакт-орталығының мамандары ата-аналар мен үміткерлерге өтініш қалдыру сұрақтары бойынша кеңес бере алады, қажет жағдайда қандай іс-әрекеттер жасау керектігін түсіндіреді. Білім беру саласындағы сарапшылардың айтуы бойынша, мемлекеттік қызметтерді цифрландыру білім беру саласының ашықтығы мен қолжетімділігіне бағытталған. SitCen.kz порталы пайдаланушыларға электронды цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) қажетінсіз, тек мобильді телефон нөмірі бойынша ғана кез келген компьютерден өтініш жіберу арқылы уақыттарын үнемдеуге мүмкіндік береді. Одан бөлек, автоматтандыру жемқорлық деңгейін төмендетуге және өтініштерді өңдеу үдерісін реттеуге ықпалын тигізеді, себебі барлық үдерістер транспарентті және мерзімдермен шектелген. Білім беру саласындағы қызметкерлер де риза: жүйе өтінішті өңдеу үдерісін жеңілдетеді, қабылдау және жалдау бойынша жедел статистика алуға рұқсат береді. Балалар мен үміткерлердің барлық құжаттары электронды түрде түсетіндігі, ал пайдаланушыларды хабарландыру автоматты түрде – SMS және электронды пошта арқылы жүргізілетіндігі қосымша артықшылық болып табылады.