Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің 31.03.2020 ж №121 бұйрығына түсіндіру жұмыста

Алакөл ауданның білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің 31.03.2020 ж №121 «Пандемия кезеңінде білім беру ұйымдарында, COVID-19 коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі шараларды күшейту туралы» бұйрығына сәйкес: - сабақ кестесі мектепалды даярлық сыныптарына, 1-9 сыныптарға сағат 8.30-дан, 10-11 сыныптарға сағат 14.00-ден дүйсенбіден жұманы қосқанда 30 минутқа дейінгі аралықта жасалады; - 2020 ж. 1 сәуірде мектепалды даярлық сыныптарына, 1-9 сыныптарға сағат 9.00-ден, 10-11 сыныптарға сағат 14.00-ден сынама сабақтар өткізіледі; - 2020 ж. 2 сәуірде сағат 10.00-де мектепалды даярлық сыныптар, 1-4 сыныптар, сағат 12.00-де 5-9 сыныптар, сағат 14.00-де 10-11 сыныптар ата-аналары үшін «Біздің мектепте қашықтан оқыту қалай жүргізіледі?» жиналысы өткізіледі; - 2020 ж. 3 сәуірде сағат 10.00-де мектепалды даярлық сыныптар, 1-4 сыныптар, сағат 12.00-де 5-9 сыныптар, сағат 14.00-де 10-11 сыныптар үшін «Мен қашықтан қалай оқимын?» «Өзіңді вирустық аурулардан қалай сақтауға болады?» сынып жиналысы өткізілетін болады.