Ұстаз мерейі

Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты — бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі — мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс — оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау — әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін , барлық шәкіртін , мектебін шексіз сүйетін адам.Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті.Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды.

Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар : бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.

Осыған  орай  мұғалімдердің  кәсіби  шеберлігін  байқау  мақсатында аудан  және  облыс  көлемінде  әр  түрлі  байқаулар  өткізілуде.Сондай  байқаулардың  бірі  қазан  айының 23-де Қарабұлақ  кентінде өткен «Педагогикалық  олимп» атты  педагогикалық  идеялар  мен  жобалар  байқауы  өтті. Бұл  байқау  негізінен  жаратылыстану  бағытында сабақ  беретін  мұғалімдер  арасында жоспарланып  химия, физика, математика  пәндерінің  мұғалімдерінің  ғылыми  әдістемелік  жұмыстарын  қолдау  мақсатында  өтті. Облыстық  бұл  байқауға  ауданда  өткен  байқаудан  үздіктері  таңдалынып  алынды. 

Байқау кезеңіне  сәйкес әр қатысушы өзінің портфолияларымен, презентациялық алаңда  өз жұмысының әдістемелік жүйесін 10 минуттық бейнефильм арқылы қорғап шықты, бағдарламаға сәйкес сабақ беру үлгісін көрсетіп, импровизациялық тапсырмаларды орындады.                               

Қаратал ауданынан осы байқауға қатысқан ұстаздарымыз Бикен Римова атындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар орта мектеп -гимназиясының физика пәнінің мұғалімі Қасымбаева Нұрзат Айғалиқызы жүлделі 2 орынды және №51 Морозов атындағы орта мектеп-гимназиясының биология пәнінің мұғалімі Мысикова Оксана Викторовна жүлделі 3-орынды қанжығасына байлап қайтты.

 

Білімді де, білікті жаңашыл,ұстаздарымыздың еңбектеріне шығармашыл табыс тілейміз.

Қаратал аудандық білім бөлімі.