Онлайн сабақ жүргізуге арналған Blackbard Collaborate бағдарламасымен жұмыс істеу

Білім беруді ақпараттандырудың жаңа бағыты – сабақтарды онлайн режимінде өткізу болып табылады. Бүгінгі күні республикамыздың, оның ішінде Алматы облысының жалпы орта білім беру ұйымдарында Blackbard Collaborate виртуалды сынып бөлмесі арқылы интерактивті онлайн сабақтар, семинар-кеңестер, семинар-тренингтер, оқыту семинарлары, жиналыстар, дәрістер өткізіледі. Онлайн режиміндегі сабақтар өзіне тән әмбебаптығы, интерактивтілігі, қызметінің көп жақтылығымен ерекшеленеді.

Интерактивті онлайн сабақтарды өткізу www.elp.kz  порталы арқылы жүзеге асады. www.elp.kz  порталындағы өз облысыңыздың виртуалды бөлмесіне кіру үшін міндетті түрде Blackbard Collaborate бағдарламасының лицензиясын алуыңыз қажет. Лицензия сатып алған мектепке интерактивті сабаққа қатысуға мүмкіндік беретін жеке логин және құпия сөз (пароль) беріледі.

Blackbard Collaborate  виртуалды сынып бөлмесі арқылы интерактивті сабақтар өткізудің мақсаты - оқытуда ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдаланудың белсенділігін арттыру мен облыс бойынша білім беру ұйымдарында жинақталған тәжірибелерді тарату.

Қазіргі таңда онлайын режимінде сабақ өткізуге арналған бағдарламалардың түрлері өте көп. Алайда Blackbard Collaborate бағдарламасын қолданған тиімді.

Blackbard Collaborate бағдарламасы Elluminate Live бағдарламасының жаңартылған нұсқасы. Ескі нұсқасына қарағанда Blackbard Collaborate бағдарламасының мүмкіндіктері өте көп.

Себебі бұл бағдарламаны іске қосу және бағдарламамен жұмыс жасау өте жеңіл әрі қарапайым. Жаңа операциялық жүйелерге еш қиындықсыз жүктеледі. Ол үшін Windows операциялық жүйелерінде Веб-парақшаларды оңай ашуға арналған Java бағдарламасын орнатып алуымыз қажет. Сондай ақ, егерде сіздің онлайн сабақтарға қатысуға мүмкіндік беретін лицензияңыздың мерзімі бітіп қалған жағдайда, сіз сабаққа қонақ ретінде қатыса аласыз. Blackbard Collaborate- бағдарламасы арқылы  видео, аудио және итерактивті  тақталардын барлық мүмкіндіктерін пайдалануға болады.

Қорыта айтқанда, онлайн режимінде сабақтар мен конференциялар өткізу озық    іс-тәжірибемен алмасуға, білім беруде жаңа ақпараттық технологияларды тиімді қолдана білуге, сонымен қатар мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін дамыта отырып, инновациялық бағытта жұмыс жасауға мүмкіндік береді.

 

Алматы облысының ақпараттық технологиялар орталығының

білім  берудегі ақпараттандыруды техникалық қамсыздандыру  бөлімінің басшысы

Амралинов Дастан Талғатұлы